Кер толғау

Бұл бетте «Кер толғау» атты Құттыбек Баяндин жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

А………………………
Тілекті Тәңір бере гөр!
Далада жортқан жезкиік,
Оқ тисе, бауыр жаза алмас.
Жаман да адам тәж киіп,
Жақсыдан әсте оза алмас.
Кең қолтық дүние Саржайлау!
Бұлағың сайда сылдырап,
Бұлбұлың сайрап тұрса егер.
Қысқа да ғұмыр тірлікте
Жапырақ жаяр жақсылық
Көңілдің кірі кетсе егер...
Көкбөрі тектім далада
Ұлыса, бетті жас жуар.
Жамандық қалмай жалғанда
Атырып таңды күн шығар.
Киелі жусан қара жер!
Толғауы тоқсан қыл бұрау
Анаға тартып қыз туар.
Құдіреті күшті Құдайым!
Беремін десе, несі бар
Атаға тартқан ұл туар.
А..................................
Ұл туған елге күн туар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кер толғау өлеңінің авторы кім?

Құттыбек Баяндин — осы өлеңнің авторы.

Кер толғау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кер толғау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кер толғау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар