Қарқаралы

Бұл бетте «Қарқаралы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1397
Атыңнан айналайын, Қарқаралы,
Ғажайып ертегі-аңыз Арқадағы.
Өзіңе ғашық болып өтер әр жан,
Тәттімбет, Мәдилерден бар хабары.
Көңілге күйлері мен тоқып әнін,
Көз тартты қия белден шоқыларың.
Өнерлі өрендерге өзек болған
Қадірлі, қасиетті топырағың.
Ұйқыға кеткен алып батырлардай,
Тастарың төңкеріліп жатыр нардай.
Найзасы – қарағайлар, дуылға – шың,
Басында үйірілген бұлт – шатырлардай.
Қарашы табиғаттың ұлы күшін,
Тамаша тамылжыған құбылысын.
Жүгіндей қыздың жиған жарасымды
Өрілген текше тастан Бұғылы шың.
Сыңсыған сұлу орман арасында,
Шайтанкөл шайқалады шарасында.
Кесеге құя салған кәусардай боп,
Тұр десем тау басында, нанасың ба?
Арқаның арулары жағасында
Айналып айна көлге қарасын да.
Шомылып, жібек шашын тарасын да –
Қызыққа бұл сықылды қанасың ба?
Атыңнан айналайын, Қарқаралы,
Ғажайып ертегі-аңыз Арқадағы.
Өзіңе ғашық болып өтер әр жан,
Тәттімбет, Мәдилерден бар хабары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарқаралы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қарқаралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарқаралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарқаралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері