Түнгі тыныштық

Бұл бетте «Түнгі тыныштық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2543
Дала тыныш, ана тыныш,
Бесіктегі бала тыныш,
О, Жаратылыс!
Қала оттары сөнбеген,
Сырттан қауіп төнбеген.
Тарта көрме төтен бір
Тасырыңды көлденең,
О, Жаратылыс!
Тындырып бір дара тың іс,
Төсегінде дана тыныш,
О, Жаратылыс!
Шырағданы сөнбеген,
Бойын шабыт кергеген.
Ақын отыр албырап,
Өлең сөзін зерлеген,
О, Жаратылыс!
Бұғауланып бар атылыс,
Мызғып алсын сана тыныш,
О, Жаратылыс!
Көл қалпында көл деген,
Бел қалпында бел деген,
Ел қалпында ел деген.
Тыныштықты тербеген,
О, Жаратылыс!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі тыныштық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түнгі тыныштық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі тыныштық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі тыныштық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері