Ақ бата (І түрі)

Бұл бетте «Ақ бата (І түрі)» атты Құттыбек Баяндин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

1. Еліңнің қамын ойла деп,
Жеріңді жаудан қорға деп,
Бассын ісің оңға деп,
Боркемік жасық болма деп,
Бабаң да берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата!

2. Қыдыр кеп қатар қонсын деп
Ғұмырың ұзақ болсын деп.
Өрісің малға толсын деп,
Жуадай жауың солсын деп,
Атаң да берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата!

3. Орның да болсын тақтан деп,
Жамандықтан сақтан деп,
Балалы үй – базарым
Айырмасын ақтан деп,
Әжең де берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата!

4. Қызығың сенің алда деп,
Қатарыңнан қалма деп.
Бетінен жанның алма деп,
Жарыңа жара салма деп,
Анаң да берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата!

5. Құйрық бауыр жегізіп,
Мың жылдық құда дегізіп.
Үстіңе шапан кигізіп
Астыңа жорға мінгізіп,
Құдаң да берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата!

6. Кісісіз күнің құрысын,
Үйіңе өзің ұрысың.
Қырықтың бірі қыдырың
Бақ дәулетің ырысың,
Қонағың берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата!

7. Айналдым елім салтыңнан,
Салмағы артық алтыннан.
Жарым ырыс – жақсы сөз,
Тілегі болған халқымнан
Әумин делік ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ бата (І түрі) өлеңінің авторы кім?

Құттыбек Баяндин — осы өлеңнің авторы.

Ақ бата (І түрі) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ бата (І түрі) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құттыбек Баяндин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ бата (І түрі) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері