И. Б. жездем хатынан

Бұл бетте «И. Б. жездем хатынан» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 0
  • 2
  • 18599
Тұрмысың жырақ,
Аман ба, шырақ!
Күйзеліпсің көбірек,
Милләт үшін бегірек.
һәманда сақтан,
Сақтамақ хақтан.
Қоршаған дұшпан төңірек.
Милләтке қызмет,
Жұмлаңе міндет.
Ұйқыны аш дер ек,
Надандықтан қаш дер ек.
Болмайды үндеп,
Дұшпан тұр күндеп,
Бізде бұл бір індет.

Әр сөзің алтын,
Ұғар ма екен халқың.
Сынаған да шығарсың,
Милләттің қалпын.
Тіл алмас деп қорқамын,
Дер едім тартын...


Пікірлер (2)

Bala

Ахмет Байтурсын аганын олендери унаиды

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

И. Б. жездем хатынан өлеңінің авторы кім?

Ахмет Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

И. Б. жездем хатынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

И. Б. жездем хатынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

И. Б. жездем хатынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері