Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа

Бұл бетте «Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа,
Той істеп, етін асып, қылып ботқа.
Қалқитып қарақшыдай қуаныш қып,
Жеткені ата-ананың бір мұратқа.

Ел көшсе, шеше байғұс жүр жетелеп,
Жүрмейді бота болса еш төтелеп.
Жең - жалба, етік - қисық, тоқым - жыртық,
Түсеміз аттан әрең сонда еркелеп.

Болған соң тақым бекіп жылқы айдастық,
Құлынды үлкендермен бір байластық.
Желіден шыға қашқан құлын болса,
Ит қосып, ұран салып, айқайластық.


Пікірлер (3)

Адам

Керемет ары женыл

Азиза

Кетемет

Али

Ахмет Байтұрсынұлының «Алтыда “бісміллә” деп мінгізді атқа» өлеңі – қазақ дәстүрлі тұрмысын, көшпенді өмір салты мен ұлттық салт‑дәстүрін көркем тілмен бейнелейтін тамаша шығармалардың бірі. Өлеңде «алтыда бісміллә» деп атты мінгізу рәсімі, отбасының қуанышы мен ата‑ананың үміті, халықтың көшпенді мәдениеті, жылқыны айдау, елге ірге тігу сияқты өмірлік көріністер әсерлі сипатталған. Бұл шығарма қазақ поэзиясындағы дәстүрлі мәдениет пен рухани құндылықтарды терең көрсетеді. Ахмет Байтұрсынұлының бұл өлеңі қазақ әдебиетінің классикасы, ұлттық тарих пен салт‑дәстүрді түсіну үшін маңызды шығармалардың бірі болып саналады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа өлеңінің авторы кім?

Ахмет Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері