Өлең, жыр, ақындар

Тойбастар

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 296
1. Қадірменді халайық,
Сөзге құлақ салайық.
Той дегенің халқымның –
Дәстүрі мен салтының
Сән-салтанат ажары,
Қызық думан базары.
Тойды бастап, сөз сөйлер
Ардақ тұтқан данасы.
Ақ тілекті ақтарар
Ақ сүт берген анасы.
Ойнап-күліп би билер,
Өсер елдің баласы.

2. Қошаметтеп туғанды,
Қыздыратын думанды.
Құда-жекжат, ағайын,
Тұлпарың боп шабайын.
Тойсыз қазақ күні жоқ,
Қалай қалыс қалайын.
Жырға құмар жұртымның
Ән сап көңілін табайын.
Ұнап қалды құдаша
Алтын алқа тағайын.
Аспандаған әніме
Құрығымды салайын.

3. Гүл-гүл жайнап атырап,
Таң боп атып жарқырап.
Үлкен менен кішіңе
Құрметі зор бәріңе.
Келін әне, келеді
Иіліп сәлем береді
Қызық күткен бұл жұртқа
Сол емес пе, керегі.
Құшақтарды ашайық,
Шашу қайда, шашайық.
Той басталып осылай
(І) Рәсімін жасайық.

4. Ал келінжан, қарағым,
Айтары көп ағаңның
Таң нұрымен ашылған
Гүліндейсің даланың.
Жаңа өмірге аттаған,
Құтты болсын қадамың.
Өмір бойы қастерле
Махаббаттың бал әнін.
Махаббаттың ақ таңы
Айналайын, ақ келін
Күні ертең -ақ болады
Халқымыздың мақтаны.

5. Мына тұрған көпшілік,
Бәрі сенің туысың.
Бірі болар сырласың.
Бірі болар құрдасың.
Сен келеді деп қуанып,
Отауыңды сайлаттық,
Қазы менен қартаны
Қазандықта қайнаттық.
Бас та берер дәмменен,
Той басталар әнменен.
«Жар-жар» менен «Бет-ашар»
Ойын-сауық сәнменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңешем

  • 0
  • 0

Айналайын жеңешем,
Ай мен күнге теңесем.
Жақсы көрген қайныңды
Құттыбек Баяндин

Толық

Ақ бата (ІІ түрі)

  • 0
  • 0

Ақ бата (ІІ түрі)
Еліңнің қамын ойла деп,
Жеріңді жаудан қорға деп,
Құттыбек Баяндин

Толық

Іңкәр көңіл

  • 0
  • 0

Іңкәр көңіл
Өзіңе ғұмыр бойы іңкәр көңіл,
Үкілі домбырамнан күй боп төгіл.
Құттыбек Баяндин

Толық

Қарап көріңіз