Қолайлы бастық – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Қолайлы бастық» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 2
  • 3125
— Түлкі шырақ, жаңа бастық келіпті,
Көртышқан ба, аты қалай өзінің?
— Қайтер екен, қиын болар істесу,
Көрмейтіні бар дейді ғой көзінің...
— Несі қиын, қайта жеңіл өзіме,
Ондай бастық маған қатты ұнайды.
Өйткені түк көрмейтұғын соқырмен
Істесудің өзі қандай қолайлы...


Пікірлер (2)

Аружан

Өте қысқа екен

Аружан

Әдемі екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері