Құрт пен құмырсқа – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Құрт пен құмырсқа» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 1
  • 4889
Шақырып бір күн бастық құмырсқаны,
Сондағы мынау болды ұрысқаны:
— Ұятсыз, ығыр қылдың сен антұрған,
Парықсыз жан екенсің барып тұрған.
Білмейсің шіміркеніп тайлығуды,
Білесің жұрт көзінше ішіп-жеуді.
Болмайсың неге сына құрт сияқты,
Қылығы сондай майда, тінті жақсы,
Ішіне кіріп алса, амал тауып,
Білдірмей жей береді ізін жауып.


Пікірлер (1)

Саламат

Құмырсқа жайлы мысал өлең керек

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері