Тау басындағы ой – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Тау басындағы ой» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 1
  • 15690
Шыққаным – Шыңғыстағы бiр биiк тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау.
«Қайырлы түн болсын» деп үнсiз айтып,
Күн кеткен соң түн келдi қараңғылау.
Аспандағы ай, жұлдыз – бәрi айланды,
Жалғыз-ақ Темiрқазық тапжылмайды-ау.
Күн батып, ай, жұлдыздың айналуы –
Шынында дөңгелеген жер жүрiсi-ау.
Жаңбыр жауды жарқылдап, нажағайлап,
Судан от жаратылып шыққанын-ау.
Көктен жаңбыр құяды, жерден – бұлақ,
Қанша ақса да, оларда бар таусылмау.
Жылылық пен салқыннан жаратылған,
Ойласам, оның түбi – жердiң буы-ау.
Көз адасты, ой тапты, көрдiңiз бе?
Ақылмен сыналмаған iс бұлдырлау.
Көз, құлақ, қол, мұрын, тiл – бәрi алдайды,
Тетiгi – таза ақылмен өлшеп сынау.
Терең оймен тексерiп күн батырып,
Сонда тауып байлаған ойым мынау:

Тұңғиық қараңғы түн, жарық күндiз,
Бiрiн-бiрi қуалап жүр тынымсыз.
Бiржолата қараңғы болмасын деп,
Көмескi сәуле берер ай мен жұлдыз.
Жүрiсi шатаспайды, шаршамайды,
Дыбыс жоқ, кiдiрiс жоқ, не қалмайды iз.
Күн нұрын, жер жүрiсiн, көлеңкенi –
Жарық, уақыт, қараңғы деп атайсыз.
Жоқ болса ыстық, жарық, қараңғылық,
Бiздiң де мүмкiн бе едi барлығымыз?
Сыртын бiлiп, сырынан хабарсыз боп,
Надандықпен сезбедiк осыны бiз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау басындағы ой өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Тау басындағы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау басындағы ой өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау басындағы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері