Өлең, жыр, ақындар

Мәңгүрттенбеу марсельезасы

  • 27.06.2016
  • 0
  • 4
  • 16769
Әні автордікі
Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,
Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.
Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,
Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.
Қайырмасы: Өмір, өмір, өмір, өмір, өмір-ай...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Шарлап ел мен елді,
Жаһандану келді.
Ұлтсыздық өрлеп,
Рухсыздық жеңді, заман-ай.
Ұқсатқанмен бүгін,
Қазаққа тек түрін.
Қаншама адам әлі
Менсінбей жүр тілін, заман-ай.
Есіңе ұста, бала,
Ұлтқа ұлы ана,
Ұлтты сақтар дана
Туған тілің ғана!
Өз тілінде сөйлей алмай қазақтың тең жарымы,
Амалсыздан басқа ананы «өз анам» деп таныды.
Талай басшы жүргеннен соң ұлтсыздыққа қорған боп,
Қазақ тілі әлі күнге тәуелсіздік алған жоқ.
Эфирден дауыс:
Тарихың тұр санаңа өткел тастап
Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер...
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Oл - рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық!
Мәңгүрттенген құлдық сезім неге қолдау табады,
Мұны бізге кешіре ме келер ұрпақ саналы?
Өз анасын сүйе алмаудың қасіреті болады,
Тілің кетсе, ұлтың өліп, қарның ғана қалады.



Пікірлер (4)

заманбек

Ой толғауы өте керемет, ойы өрісті қазақ азаматтарына ұнауы тиіс.шабыттандырады.

заманбек

ой өрісі озық қазақ азаматтарына ой салады, шабыттандырады.

Абат

Ей қазақтар-ай, айтылған сөзге дес беріп, ой елегінен өткізуден қалдық-ау! Аққу, шортан хәм шаянның кейпін кидік-ау!

Абат

Жағымпаздық дерті өршіген заманда,
ПАРАСАТТАН арсыздық, тұраор алда әмәндә!!!

Пікір қалдырыңыз

Шың басындағы оқиға

  • 2
  • 22

Бір-бірінен көз айырмай үздігіп
Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт.
Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған,
Қанатыңа алғаныңа шаттанам.

Толық

Цемент

  • 2
  • 1

Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын,
"Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын,
Топтасуға жаны ғашық,
Үгілгеннің бағын ашып,

Толық

Кета балықтың ерлігі

  • 0
  • 1

Өріс ашқан сан кеме, сан қайыққа
Біздің сонау айтолқын Ақжайықта
Кета деген балық бар.
Уылдырық шашар кезде сол балық.

Толық

Қарап көріңіз