Әке – Ғайникамал Сәдуақасова

Бұл бетте «Әке» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған әке туралы өлең берілген.

Әке

Әке сенің бөлек қой дара тұлғаң,
Мен өзіндей алыптан жаратылғам.
Тәртібін мен тәрбиене қанық болып,
Қуат алып келемін қанатыңнан.

Көздерінен күн нұры көрінетін,
Әр бір сөзін өрнек боп өрілетін.
Қатты болып түйілген қабағыннан,
Өте нәзік мейірім төгілетін.

Жол сілтейсің үнемі шамдай жанып,
Ақылыңа жүремін таңдай қағып.
Бар құндылық жиылған өн бойына,
Дәл өзіндей әкем бар қандай бақыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар