Мына Жердің күшін-ай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мына Жердің күшін-ай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2016
  • 0
  • 1
  • 7635
Мына Жердің күшін-ай!
Әулие екен Ньютон дегендерің.
Тартылыстар талқысын жеңем дедім,
жердегінің бәрінен жырақ кетіп,
отауына аспанның енем дедім.
Енем дедім биіктік әлеміне.
Құпиялар сырына жетем дедім,
кезем дедім жан, жүрек мекендерін.
Өз жанымның сырларын аша алмасам,
ғұмырым да жердегі бекер менің!
Кешкім келген тұп-тұнық нұрды кілең,
мөлдірлік деп мен жалғыз Күнді білем.
Шарттылықтар заңымен сыйыса алмай,
қағидалар қамалын сындырып ем,
бірақ мені бәрібір Жер өзінің
арқандады ғашықтық шылбырымен.
Қасиеттер қалмаған сыйынғандай
жерде өмір сүру де қиын қандай!
Рахатқа бату да мүмкін емес,
күн жайлаған межелі қиырды алмай.
Өтсем деп ем сананың саясында
жақсы көрмей, жек көрмей, күйіп-жанбай.
Шарасыздан шаршаған дертті жаным,
тоздыруға шақ жүрмін кек қынабын.
Жерде ғұмыр кешуің қиын кейде
көріп тұрып арсыз бен епті барын.
Бірақ тағы ғашық боп тұрмын бүгін -
жердің балдай азабын шекті жаным,
көтеріле беріп ем, мен бәрібір
қара жерге қайтадан кеп құладым!


Пікірлер (1)

Маржан

Фариза Оңғарсынованың ғашық сезім атты өлеңін тауып беріңіздерші

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мына Жердің күшін-ай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мына Жердің күшін-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мына Жердің күшін-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мына Жердің күшін-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері