Алаштың Арыстаны – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Алаштың Арыстаны» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1406
Арыстан Ғазалиевке

Армандап,
Айға ұмтылған таза, биік,
Аталы сөзін тыңдар
Қазақ ұйып,
Алпыс алты жасыңыз
Құтты болсын,
Ғаламдағы
Ғажайып Ғазалиев!
Арыстанның іщінде
Данышпаны,
Данышпанның ішінде
Арыстаны
Арыстарын
Алаштың жалғастырған,
Асылдардың сынығы
Алыстағы!
Ғалымдардың ішінде,
Академик, докторы,
Докторлардың ішінде,
Көш бастаған ректоры,
Ректорлардың ішінде,
Биік тұрған шоқтығы,
Тура жолмен нық басқан,
Қисаймаған векторы,
Ата болған шағында,
Жарқыраған от түрі.
Ректор жүрсе ғылым деп,
Биік мақсат білінбек,
Ұстаз төксе шуағын,
Шәкірт іздер білім көп,
Бетін ғана қалқымай,
Терең қазып, түбірлеп,
КарГТУ-ды қарғытып,
Қырдан қырға дүбірлеп,
Оңға бастап Арыстан,
Даңқы шықты дүрілдеп!
Жемісті көктемде егіп,
Күзде жеймін,
Деген ғой аталарың,
Сөзге бейім,
Жеміс пісіп,
Өрісің кеңіген кез,
Құдайым
Ғұмыр берсін, сізге деймін,
Бағыңыз баянды боп,
Бағланыңмен,
Балдардың
Қызығын көр жүзге дейін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері