Жақсы көру – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жақсы көру» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2016
  • 0
  • 1
  • 48276
Өмірің таңдай болса арайлаған,
қатыгез қараулыққа жолай ма адам?
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы -
нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Қайырмасы: - -
Жақсы көру, жақсы көру,
не деген керемет ең!
Өмірді сезінуге,
қуанып қөз ілуге
адамға жақсы көру керек екен.
Дидарың аумайды екен жарық күннен,
ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен.
Келбетің көз алдымда, ойымда сен,
өзіңді жақсы көріп қалыппын мен.
Қайырмасы.
Ешкімге содан бері алаңдамай,
жүрегім жанарыңа қамалғаны-ай!
Ғажайып күй кештірген сезім -сәуле
өзімді жетелейді саған қарай.
Қайырмасы.


Пікірлер (1)

назек

ОСЫНДАЙДА КЕЛМЕЙДІ ҒОЙ ШАБЫТЫМ,
КЕЛСЕ ДАҒЫ ШЫРМАЛАДЫ ҒОЙ ОЙЫМ!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы көру өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жақсы көру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы көру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы көру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері