Телефон шыр етеді – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Телефон шыр етеді» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2016
  • 0
  • 1
  • 21757
Телефон шыр етеді:
сонда менің жүрегім дір етеді,
көйлегімнің желбіреп гүл етегі
жүгіремін. Не пайда, сен емессің.
Тек қиялдау көңілді жүдетеді.
Кешке дейін неше рет дірілдетіп,
мәнсіз, әрсіз, алаңмен күн өтеді.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймін енді мен - қылғын, сарна!
Жүрегіме тыныштық бермей қойды-ау,
төбесінен бір қойып сындырсам ба?!
Әне тағы... сені ме!
Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйіп мен тұрдым сонда.


Пікірлер (1)

Ернур

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері