Білмейсің бе, қарағым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Білмейсің бе, қарағым» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2016
  • 0
  • 0
  • 17185
Білмейсің бе, қарағым,
менің мінез-құлқымды?
Осы күймен қаламын,
бола берсін "біртүрлі".
Екі өлшеммен шектелем,
айыптасын көп пенде -
жақсы көрем, жек көрем,
орташалар жоқ менде.
Талабым сол баршаға,
кетем онсыз қол сілтеп:
кісі өлтіріп алса да,
шынын айтып келсін тек.
Басымды ойлап жүдемен,
өзгешелеу тұлғамды ұқ.
Досым үшін жіберем
ғұмырымды құрбан ғып.
Қиын-қыстау шақтағы
жеңбей өмір қыспағын,
ниетімді сатқаны -
мәңгілікке дұшпаным.
Мені емдейтін дәрі кем,
қыңыр дей бер сен мейлің.
Жалғандықтың бәрімен
келісімге келмеймін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білмейсің бе, қарағым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Білмейсің бе, қарағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білмейсің бе, қарағым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Білмейсің бе, қарағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар