Оқу – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Оқу» атты Еділбек Дүйсенов жазған білім туралы өлең берілген.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3529
Ақыл — ойдан саз ұғамын,
Жырға толып тылсым бағым.
Кітап атты қазынаның,
Бұлағынан сусындадым.

Оқу деген — көңіл кені,
Оқығанның, жүзінде — нұр.
Жетелейді сені ілгері,
Білімдінің ізінде жүр.

Кездеседі, кедергі — мұң,
Өмір — жолда, жүгің ауған...
Қиындықпен келер білім,
Су алғандай шыңыраудан.

О, бауырым, осыны аңғар,
Тұрсын десең, күнім күліп.
Опынбайды оқығандар,
Байлық көзі — білімділік!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері