Сүлгі

Бұл бетте «Сүлгі» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ағын сулар көп ақты,
Нөсер құйып өтті де.
Кемпірқосақ жолақты,
Көкжиекті кетті іле.
Бергендей бір далаға әр,
Сан бояулар құбылып.
Мәз-мейрам боп балалар,
Жанымда жүр жүгіріп.
-Аяқ салған алапқа,
Анау тұрған не?-деп ем.
Қарық қылып жауапқа,
Тақ-тақ етті Төлеген.
-Арқа ысқылап көргенмін,
Тұр ғой үйде үлгісі.
Шомылғанда, ол, жердің
Сүртінетін сүлгісі!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері