Қарасуық
Бұл бетте «Қарасуық» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күзгі күн. Қарасуық.
Жабырқау, дала сұлық.
Сұрапыл ұйтқып соқты,
Жынды жел аласұрып.
Суық, салт құрғандай-ды,
Қарып-ақ тұр маңдайды.
Денемді тітіркентіп,
Жыландай сумаңдайды.
Көрсетіп сонда, қылық,
Шымшиды қол батырып.
Ызғары-ау түсер қыстың,
Тастапты тоң қатырып.
Торғайлар мұңы ішінде,
Үрпиіп, бүрісуде.
Тығылған ықтасынға,
Сияқты тірі сүлде.
Билепті желік көкті,
Бар кәрін, төніп, төкті.
Жерімді жүрегіммен,
Жылытқым келіп кетті...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі