Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2016
  • 0
  • 0
  • 7024
Өзіңе өкпелегенім -
мұңданып төккен өлеңім;
соншалық ашуланғаным -
жаныммен ашынғандағы үн;
қалғандай құрғап тамағым -
тіс жарып тіл қатпағаным;
сіміріп сағыныш зарын,
өзің деп алып-ұшқаным;
шайғандай тұнық бір ағын,
өкпені ұмыттырарың -
бәрін де татып келемін.
.. .Осы екен бақыт дегенің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері