Қауіп – Ханбибі Есенқарақызы

Бұл бетте «Қауіп» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2398
Қазағымның базары тарқағалы
Нәзік жаным ауыр мұң арқалады.
Махаббаты мерт болған Қыз Жібектей
Елестейді Жайықтың жарқабағы.

Қарсы емеспін нарықтың дамуына,
Көне көрпе жетпей тұр қабуына.
Әкімдер де кінәлі, әлде халық,
Түйесі ме қисығы, жабуы ма?

Жұртын тонап, қоғамды асағандар,
Ел дәулетін сімірген лас адамдар,
Неге жауап бермейді ел алдында,
Әлеуметтік қылмысты жасағандар?!

Бір шикілік бар-сынды осы арады,
Тәуелсіздік қалғандай босағада.
Қан жылатқан халықтың дұшпандары
Бұқпантайлап жатқандай Қособада!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері