Кешір мені, Ахмет, Мағжан, Сәкенім
- 0
- 2
Тоз-тоз болды бұл күндері қиялым,
«Шырақшысы» құрқылтайдай ұяның
Сенбісің? – деп портреттер сөйлейді
Шыны әйнектің аржағынан, зиялым.
Бұл бетте «Кәнизак та болмадым» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тоз-тоз болды бұл күндері қиялым,
«Шырақшысы» құрқылтайдай ұяның
Сенбісің? – деп портреттер сөйлейді
Шыны әйнектің аржағынан, зиялым.
Көңілім бар даладай,
Елім сүйіп, қолдаған.
Ақын жаны – баладай,
Баланы кім алдаған?
Жиналыста жүрдім жұртқа білінбей,
Қызыл сөзден бір түйір дән ілінбей.
Қорғаушы кім, қорлаушы кім, шатастым,
Бір көрпенің астары мен тініндей.
Ауру, жоқтық... және өлім
Қолымда көп дәлелім.
Лақтырылған сүйекке
Таласады әлі елім.
Тас жүректен махаббат күттім,
Тас мейірден шапағат күттім.
Жанбады!
Көзімнің жасын сықтым.
Балнұр
Жігіттер өлены