Түрмеден қашып шыққанда

Бұл бетте «Түрмеден қашып шыққанда» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2883
Шыдамадым қапаста,
Кеңшілікке қаштым.
Көндікпедім матауға,
Асау атша бастым.
Уф! Шырқап, зымырап,
Сұңқардай заулап ұшайын!
Ұшайын!
Көкті, жерді қапсырып
Әй бір құшайын!
Біріктіріп құшайын!
Қолға түскен бүркіттей
Ішім қатты пысып ед.
Еңсемді басып қу қамау,
Кеудемді қатты қысып ед.
Уа, кең дала, кең дала!
Еркін байтақ ен дала.
Құшағыңды аш, төсіңді аш!
Төсіңе мені қысып бас.
Мен ер,
ер,
Мен бала,
Жас.
Уф, шіркін-ай, бұл не шаттық?!
Мен күшті енді!
Мен...
Мен...
Mac...
Тағдырдың көзі жете ме бермесіне?
Дәуреннің неше айналып келмесіне?
Қамауға жігіт адам көнсін неге,
Жігері жоқ болмаса зердесінде.
Міне аспан, міне халық, міне дала,
Әне орман, әне кең әм еркін дала.
Жүгірген, жүрген, шапқан ерсіл-қарсыл,
Міне үлкен, міне жастар, міне бала!
Уф! Жүрейін, жүрейін,
Осы жерден кетейін.
Бостандық, кеңдік, байтаққа
Күн-түн қатып жетейін.
Тіршілік тұрмыс менікі!
Әуп!
Ауаны жұтайын!
Жұтайын!
Кеудемді керіп жұтайын,
Бар ауаны құртайын!

1919 жыл, наурыз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрмеден қашып шыққанда өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Түрмеден қашып шыққанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрмеден қашып шыққанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрмеден қашып шыққанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері