Мен сені жүретінмін мақтан көріп

Бұл бетте «Мен сені жүретінмін мақтан көріп» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2016
  • 0
  • 2
  • 7079
Мен сені жүретінмін мақтан көріп,
қызғыш боп, өсек айтқан жаттан қорып.
Өзгеше жұрттан бөлек жан дейтінмін,
жоқтай бір көлеңкесі таң кейпіңнің.
Аңқау да аңғал жансып жүретінсің,
сезімтал, сырды айтқызбай білетін шын.
Әрқашан ақ көңілмен қарсыладым,
ерсілеу қылығыңа сан шыдадым.
Жүрдім мен өзің жайлы ойым дырдай,
гулеген өсектерге мойын бұрмай.
Арам да достарыммен кетті алыстап:
сен мені бөліп алдың шеттеп ұстап.
Қайғырсаң, жүрді жаным жай таба алмай,
дұшпаннан бар кегіңді қайтарардай.
Мұңайсам, қайғы қостың үстемелеп,
бел бусам, дедің-ау сен: "Күш не керек!?"
Жарқ етсе бір жақсы ісім, теріс дедің,
мен сосын оның бәрін кері істедім.
Көрсетсем бір жат қылық, мақтадың кеп,
мән беріп оған бірақ жатпадым көп.
Білмедің түбі жырақ кетерімді -
өзің-ақ мені сұмдау етеріңді.
.. .Өзіңсіз қазір тіпті жайлы маған,
тек қана сенің үшін қайғыланам.
Бүйтпес ең, бар-жоғымды ескермес ең,
өзіңнен биіктігімнен сескенбесең...


Пікірлер (2)

Мейрамбек

Керемет...

мадина

тамаша

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сені жүретінмін мақтан көріп өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мен сені жүретінмін мақтан көріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сені жүретінмін мақтан көріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сені жүретінмін мақтан көріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері