Тауып айтса мінді деп...
- 1
- 1
Тауып айтса мінді деп,
Жоғалтып бақ мініңді.
Өз етіңді жұлып жеп,
Ашпа алашқа сырыңды.
Бұл бетте «Ғайсадай жан беретін таңның желі» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тауып айтса мінді деп,
Жоғалтып бақ мініңді.
Өз етіңді жұлып жеп,
Ашпа алашқа сырыңды.
Тауық неге шақырар сағат сайын,
Дей ме уақыт өткенiн ұқтырайын.
Кейде зарлы дауыспен ит ұлиды,
Бiлемiсiң, қылып тұр ненi уайым?
Салынған қала жоқ,
Оқытқан бала жоқ,
Қолында өнер жоқ,
Ғылымда дана жоқ.
Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы,
Ортасы – өмiр, жоқтық қой екi басы.
Сағымдай екi жоқтық арасында
Тiршiлiк деп аталар бiраз жасы.
Тура жолда қайғы тұрмас,
Шат болайын, бер арақ!
Қайғы, рахат бәрi бiр бәс,
Ешбiрiнде жоқ тұрақ.
Тәңiрiнi iздеп бiр мұңғыл
Тас суретке шоқынса,
Өлсе де, болып соған құл,
Иманын бұзбай отырса.
Сембі Айшабибі
❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Али
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ғайсадай жан беретін таңның желі...» өлеңін оқып отырып, қазақ поэзиясының тереңдігіне тағы бір тәнті болдым. Қайғыны желге ұшырып, тіршілікке шақыратын таңның желі, ақыл мен тілдің елге пайдалы болуы керектігі, жалған ақындықтан сақтану туралы ойлар – бәрі де өміршең, бүгінгі күнге де айтылған сөз сияқты. Bilim-all.kz сайтында осындай асыл мұраларды оқып, рухани байып жатқанымызға қуаныштымын. Өте жақсы өлең, әркім оқығаны дұрыс!