Тауып айтса мінді деп – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Тауып айтса мінді деп» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 1
  • 13360
Тауып айтса мінді деп,
Жоғалтып бақ мініңді.
Өз етіңді жұлып жеп,
Ашпа алашқа сырыңды.

Мойындамай бақырма,
Бар жыныңды шақырма.
Айғайлама, ақырма,
Шығармай өл үніңді.

Таппай айтса егерде,
«Адасқаны мынау» деп,
Майдалап айт әр жерде,
«Берсін қауым сынау» деп.

Мына заман – қай заман,
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке
Өлшеуі жоқ бай заман.

Бай заманда байытпа,
Ақ жүректі айнытпа.
Ел қанатын қайрылтпа,
Қалжың деме мұнымды.

Бүл тілімді алмасаң,
Байыбына бармасаң,
Нәпсіге тоқтау салмасаң,
Айта алам ба шынымды?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Осы автордың басқа өлеңдері