Қастерлі тұлға - Мұғалім – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Қастерлі тұлға - Мұғалім» атты Ғабиден Қожахмет жазған ұстаз туралы өлең берілген.

  • 17.08.2016
  • 0
  • 1
  • 54919
Білімнің ғана тиегі,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық -
Ұстаздық атты киелі.

Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!

Шәкіртке шуақ төгетін,
Жанына мейір егетін.
Еңбекпенен жалықпай,
Білімнің нәрін себетін.

Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!

Кешегі балаң түлегі,
Есінде мәңгі жүреді.
Кетсе де алыс өзінен,
Ұстаз боп қалар үнемі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Дина

Керемет???? өлен

Осы автордың басқа өлеңдері