Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың жаманы болмас...

  • 15.04.2015
  • 1
  • 4
  • 22283
Қазақтың жаманы болмас,
Жаманнан аманы болмас.
Бірігіп іс қылатұғын,
Түзелер заманы болмас.

Бұл елде адалдық бар ма,
Ондайын байқадыңдар ма?
Істейді нені де болса,
Наданға арамдық ар ма?

Ар сатар шайға да болса,
Бір асам майға да болса.
Ізденіп табады, жейді
Арамды қайда да болса.

Жуаны қылады зорлық,
Момынның көргені – қорлық.
Теп-тегіс қулық пен ұрлық,
Ал енді қайтіп ел болдық?



Пікірлер (4)

қазақ

рахмет барлығыңызға

Үміт

Өте керемет өлен қазақтың деп аты айтып тұр керемет.

Жанар

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақтың жаманы болмас…» атты өлеңі — қоғамдағы адалдық пен әділеттілік, ізгілік пен адамгершілік туралы ой тастайтын терең философиялық туынды. Ақын бұл өлеңде қазақ елінің кемшілігі мен адам мінезінің арам пиғылдарын аша отырып, жамандықтан аулақ болу, бірігіп іс жасау, ар-ұятты сақтау сияқты құндылықтарды айрықша атап көрсетеді. Өлеңдегі «Бұл елде адалдық бар ма?», «Ізденіп табады, жейді арамды қайда да болса» деген жолдар бүгінгі күннің де өзекті мәселелеріне оралып, оқырманды қоғамдағы әділеттілік пен парасаттылық туралы ойлануға шақырады. Осындай шығармалар қазақ поэзиясының рухани ға­сыр­лар­ды тәрбиелеудегі рөлін айшықтап, әрбір адамға жақсылық пен таза ниетті өмір сүруге ынталандырады.

Пікір қалдырыңыз

Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық...

  • 1
  • 3

Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,
Ақылдың шолғыншысы – ойқұмарлық.
Таза талап талпынып ойды айдаса,
Байқалар көрнеу, таса, жоқ пен барлық.

Толық

Тіршілік, жан туралы

  • 1
  • 2

Қасыңа қылыш қайратқан,
Досыңа гүлдей жайнатқан,
Ерiк пен талап‚ ой берiп,
Ойыңды сөзбен сайратқан

Толық

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...

  • 2
  • 6

Ақыл деген өлшеусiз бiр жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшiн жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Толық