Оғыланды – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Оғыланды» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2016
  • 0
  • 1
  • 7766
Адасып келем,
дала асып келем елсізде
түн менен ойға қамалып,
Жусан иісінен нәр алып.
Жұлдыздар көктен қарайды самсап қадалып.
Алдымда тұтас көкжиек құшып тау жатыр
ықтын болардай жолаушы жетсе жаны арып.
Ойымша – сонда маған да пана болатын жылы бір ұя бары анық.

Құлама құзы – тайғанақ,
тәубаға келдім – қарап ем,
қатерін төгіп тұрғандай маған бар әлем.
Қастерлі тауда қасиет бардай жарылқар
шықпай жүргенді жаны әрең.
Келесің мұнда сырласу үшін сақтанбай
өзіңмен, армен, даламен.

Түн құшып жатыр бұл маң да...
Жарқ етер екен таң қашан?
Сенімсіз түнде үмітімді немен жалғасам?
Ал, менің әлі сапарым қанша алдымда,
күш құяр жанға жолымда сәуле – бар ма шам?
Әлі де біраз жолым болмайтын секілді-ау,
Оғыланды тауда бір түнеп қуат алмасам.


Пікірлер (1)

Мұстапа Мереке

Керемет жазылыпты

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оғыланды өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Оғыланды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оғыланды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оғыланды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері