Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік

Қазағым, тәуелсіздік бізге оңай келмегенді.
Қазақтың әр баласы елі үшін күресте, не көрмеді.
Ата-бабам тұғырлы тәуелсіздік таңын аңсап,
Батырлар ел үшін жан қиған еді.
Жәнібек керейлердің бастауымен қазақ хандығы құрылды,
Билікке келіп Қасым, Тәуке, Абылай жалғастырды.
Сол хандар мен батырлар ел бірлігін сақтап,
Тайға таңба басқандай қазағымның тарихында мәңгі өшпес із қалдырған!
Қалыптасып енді ғана келе жатқан қазақ хандығын,
Бодан қылды жазығы жоқ қазақ елін.
Кең байтақ көз жетпейтін қиырларын,
Ресейдің Петрі бастады отырлауын.
Ресейдің Петрі өз билігін жүргізіп,
Басынды әр қазақты, жалдамалы.
Не көрмеді сол жылдары қазақ баласы,
Халықтың жауына айналды ұлы, ғұлама данасы.
86-шы жылдың желтоқсаны келіп қалды,
Елінің қасірет- қайғысын көріп жастары тұра алмады.
Сұм үкімет Ләззәт, Сабира, Қайраттардың өмірін жалмады,
Ел үшін жанын беріп қыршынынан кетті-ау боздақтары.
91-ші жылдың желтоқсаны,
Бақытты «Тәуелсіздік» алған қазақ халқы.
Елбасы болып Нұрсұлтан ағамыз сайланды,
Бар әлем «Тәуелсіз Қазақстанды» мойындады.
Тәуелсіздік жастардың қолында, -деп
Нұр ағамыз басып айтты бір сөзінде.
Болашақ бағдарламасымен бастау алып берді, жастарға,
Білсін, білім үйренсін деп елде басқа.
Енді қазақ ондай күнді ешқашан көрмесін,
Қазақстаным тек биікке өрлесін.
Айбынды жастар білімнің арқасында,
Қазақ елін паш етсін тағыда бар жаһанға!



Пікірлер (2)

Кім жассада күшті ан екен

Маған бұл ан ұнады

Акниет

Тауелсиздикке катысты такпак

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз