Қорқытты көрдім түсімде – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қорқытты көрдім түсімде» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 671
Қорқытты көрдім түсімде:
Қобызсыз,
Қоңсыз пішінде...
Дүміне жалау байлаған
Дүниеқоңызда ісім не?!
Қобызсыз Қорқыт кім еді?
Тілсіз бір жан ғой тірі-өлі.
...Қобызсыз мынау қоғамда
Қорқаулар өмір сүреді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері