Мен қазақпын

Бұл бетте «Мен қазақпын» атты Садуова Әдемі Сәлімқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен қазақпын.
Мен қазақпын әуелден қарапайым
Қонақ келсе қарсы алып,құшақ жайдым.
Мен қазақпын деймін мен мақтанамын
Қонақтарға тосатын қою шайын.
Қонақ келсе әуелі қабақ керек
Қабақтан соң әрине тамақ керек.
Ата-бабам қашаннан бар дәмдісін
Қонақтарға әрдайым сақтап келед...
Мақтана алам «жомарт» деп ата-бабам
Қазақтарды қолдайды Қызыр бабам.
Көңілінде қазақтың шек жоқ деп
Мен әрине ойланбай айта алам.
Қадірлі ғой қазақта әрбір ана
Аналардан туған ғой небір дана.
Сәбит,Мағжан... ұлдары қазағымның
Ұмытылмас тұлғасы әрбір дара.
Қазақпын деп айтамын шаршамаймын
Ұлтың кім?-деп сұраса қайталаймын.
Атам қазақ, қазақ боп өтемін мен
Жасай берсін қазақтар әр жыл сайын.
Намысшыл боп келеді әрбір қазақ
Қазақпын деп мақтану қандай ғажап!
Ұлтын,салтын сыйлайтын ұрпағың бар
Жаңғыртайық дәстүрді ұмтыл қазақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен қазақпын өлеңінің авторы кім?

Садуова Әдемі Сәлімқызы — осы өлеңнің авторы.

Мен қазақпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен қазақпын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Садуова Әдемі Сәлімқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен қазақпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері