Ұстаз туралы ой – Жаннур Таттигалиева

Бұл бетте «Ұстаз туралы ой» атты Жаннур Таттигалиева жазған ұстаз туралы өлең берілген.

Ұстаз болу сый етілген өміріне,
Қиын бірақ оны алып жүруі де.
Өмір жолын ұстаздыққа арнаған
Талай мықты ұстаздар бар елімізде.

Шәкірттерін сусындатқан білімімен,
Шыңдатып мыңды үйреткен жүрегімен.
Ұстаз деген ұлы атақты пір тұтып
Өз үйім деп санаған мектептерін. .

Сен оның түр келбетін сараптама
Мін болады аппақ жүзды парақтада.
Ұстаздан шәкірт озар дейді қазақ
Әрқашан бізге болсын ұстаз дара.

Ұстазымның пейілі дархан шіркін,
Мейірімін әрқашада аямаған.
Ардақты, аяулы да ұстаздарым
Құтты болсын бүгінгі мейрамдарың.


Пікірлер (1)

Человек паук

Зорго

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері