Тесіктас

Бұл бетте «Тесіктас» атты Қалқаман Сарин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2017
  • 0
  • 0
  • 6842
Саған деген көңілдегі күй – үнім,
Сағынышым, сан мың мақам иірім.
Таңғажайып тағдырың бар, Тесіктас –
Сенсің менің ең алғашқы биігім!

Әппақ үміт алып-ұшып асыға,
Арманымды қашап жаздым тасыңа.
Бар әлемді көріп тұрмын деуші едім,
Балалықпен шығып алып басыңа.

Тас дегенде тас емес ең, тау едің,
Ашылмаған сырға толы әлемің.
Ғасырлардың омырауынан үзілген,
Сезілетін маған ауыр әуенің.

Түнгі аспанға тесігіңнен телміріп,
Таңды атырдым талай жұлдыз сөндіріп.
Саған деген сағынышым ғұмырлық,
Таусыз жерді жүргеніммен төр қылып.

Маған жұмбақ сенің тарғыл тағдырың,
Жалғыздықтың жалғыз тартып бар жүгін.
Жарылмастан қайтіп, қалай жатырсың,
Замандардың жұтып алып зар-мұңын?

Тереңдерден талып жеткен тынысың,
Жастығымның жалаулаған жырысың.
«Тесік моншақ жерде қалмас» десе де,
Елде қалған ең қымбаттың бірісің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тесіктас өлеңінің авторы кім?

Қалқаман Сарин — осы өлеңнің авторы.

Тесіктас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тесіктас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалқаман Сарин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тесіктас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері