Мерекеде құттықтап қайт анаңды – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Мерекеде құттықтап қайт анаңды» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.03.2017
  • 0
  • 1
  • 8284
Сен өмірге келген сонау шақтарда,
Сәби сәуле ұласқанда ақ таңға.
Мына әлемнің падишасы секілді
Жөргегіңде сен нұрланып жатқанда,
Саған мейірім арнаған жан кім еді?

Тек сен үшін күн оянып аспанда,
Бір сен үшін жұлдыз сәуле шашқанда.
Сәби шағың келешекке ұмтылып,
Апыл-тапыл сен жүгіріп басқанда,
Қарсы алдыңнан құшақ жайған кім еді?

Әр тәлімі білім болып сіңгенде,
Сол тәліммен айналаны білгенде.
Арман қуып жастық, балаң көңілің,
Үйден шығып, сан жолдарда жүргенде,
Бір сен үшін алаң болған кім еді?

Мейлі, жылдар түсе берсін араға,
Уақыт жылжып өтсін, мейлі, санада.
Есейгенде, ержеткенде ендігі
Соның бәрін ұмытуға бола ма?

Міне, өзің де азамат боп қалдың шын,
Жүрегіңде тағы да бір ән күлсін.
Мерекеде құттықтап қайт анаңды,
Бөбек күнің қайтадан бір жаңғырсын.

Сәби шағың бір орында тұра ма,
Жүрегіңмен алдың оны ұға ала.
Сені есейтіп, саған өмір сыйлаған,
Ол – осы бір ұлы ана.

Құттықтап қайт, күлімдесін бірге Күн,
Еске түссін қайта бөбек күндерің.
Қандай сыйлық жасаймын деп қамықпа,
Ең үлкен сый – сенің есен жүргенің.


Пікірлер (1)

Бота

Ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мерекеде құттықтап қайт анаңды өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Мерекеде құттықтап қайт анаңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мерекеде құттықтап қайт анаңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мерекеде құттықтап қайт анаңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері