Бұл бетте «Кейбіреудің артықтығы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
08.08.2021
0
0
620
Кейбіреудің артықтығы
Дәулет, ырыс, несібінде.
Алаяқтық, арамзалық
Өткере алар кәсібінде.
Кейбіреудің артықтығы
Жылтыраған құр бетінде,
Гүл тәрізді бір бүр ашып,
Солатұғын жел өтінде.
Кейбіреудің артықтығы
Аласармас ақылында.
Байлық, мансап, аруларың
Кететұғын тақымында.
Әттең мұны түсініп шын
Берер баға адам қайда.
Ауытқымай әділеттен
Қалатұғын адал қайда.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі