Мен жаужүрек қазақтың баласымын – Мерей Сапархан

Бұл бетте «Мен жаужүрек қазақтың баласымын» атты Мерей Сапархан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2017
  • 0
  • 0
  • 3061
Мен жаужүрек қазақтың баласымын
Ханы болған ертеден даласының,
Өз ұлының жеңілгенін қаласын кім?
Туған жерден қалмақтарды қуып шыққан,
Мен жаужүрек қазақтың баласымын.
Тең көрмеген еліне қарашығын,
Жек көретін хабардың қарашыңын.
Ертедегі Қобыланды, Алпамыстай,
Мен жаужүрек қазақтың баласымын.
Мақтааралдың кіп-кішкене тумасымын,
Сөздің айтам түп-түзу тура шыңын!
Масаттанып мақтанғандай болмайыншы,
Себебі мен ер қазақтың баласымын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар