Мәдениетті қолдау жылы
(Өнер мен Мәдениетті қолдау жылына орай ұстаздардың «Сыр ұққан өнер құстың қанатынан, елім бар ән мен жырдан жаратылған» атты фестиваль бағдарламасына арналып жазылған)
Өмірдің көп екен-ау бұралаңы,
Осы еді тақырып қып құрағаны.
1910 жыл – алғаш рет
Өмірге келді қазақ романы.
Асыл сөз жетер бізге саналыдан,
Тәңірдің талантты адамынан.
«Бақытсыз Жамал» атты бұл роман
Туған-ды Міржақыптың қаламынан.
Тәңірім туған жерге берген еді,
Елі де өнеріне сенген еді.
1922 – Қазалыда
Өмірге Роза әнші келген еді.
Әнменен өңі кіріп ажарының,
Тек қана қызы болмады Қазалының.
Жайылып шартарапқа әнші есімі,
Айналды мақтанына қазағының.
Мұндай жол базбіреуге арман еді,
Талайлар таңырқап-ақ қалған еді.
1925-те Әміре әнші
Тұңғыш боп шетелде ән салған еді.
Бағалап білсек соны асыл игі,
Әр кезде жүрсе ұлтым тасып игі.
Сол жылы өнерсүйер француздар
Қазақтың өнеріне басын иді.
Өткенге ой назарын саламыз ба,
Жетейік осылай шын бағамызға.
Қазақтың театры 26-да
Ашылды Қызылордадай қаламызда.
Осылай мәдениетім тасқан еді,
Артына өшпес ізін тастап еді.
Драма театрым өз жұмысын
«Еңлік-Кебекпенен» бастап еді.
Бойында таланты тұнған еді,
Өнері өзгелерден сұңғақ еді.
1934 – Алматыда
Жұбанов ұлт оркестрін құрған еді.
Аққандай халық сазының өр бұлағы,
Өнердің құлақ күйін оң бұрады.
Сиқырлы мүмкіндігі шектелмейтін
Өзгелер енді білді домбыраны.
Талант жүректерден табылған-ды,
Өнер боп өзгеге де ағылған-ды.
1936 – Москвада
Өнердің онкүндігі жағылған-ды.
Бойына өнер оттан тағып гүлді,
Қазағым құдіретін анық білді.
Осы жыл москвалық мәдениет те
Қазақтың өнерін шын танып білді.
Арналып ұлы кітап ақын жанға,
Сыр ашар зерде қойып оқылғанда.
1942-де «Абай жолы»
Баспадан жолдама алды оқырманға.
Абайды әлемге шын танытқан-ды,
Мәдениет кем-кетігі толыққан-ды.
Әуезов жазған осы ұлы кітап
Ғасырдың туындысы болып қалды.
Бұл дағы керек еді деп ұғынған-ды,
Бір өнер туған жерге бұрылған-ды.
1952-де Қазалының
Халықтық театры құрылған-ды.
Өзгелер өнеріме қызығар-ды,
Өмірдің қысы бар-ды, күзі бар-ды.
Осынау театрда режиссер
Жәдігер Тұрсыновтың ізі қалды.
Ол жылдар өнер қырға өрлеп еді,
Бұл топты өзгеге кім теңгереді.
1967 – «Досмұқасан»
Құрылып, өнер жолға келген еді.
Мінеки, осы топтың бағы мында –
Бақ сынады жаңаша жол ағымында.
Қазақтың музыкалық фольклорын
Жаңғыртты эстрада жанрында.
Сүйген жан шын сезімге жазалы ма,
Ғашықтық салған еді азабына.
1970-те «Қазақфильм»
Ұсынды «Қыз Жібекті» қазағына.
Қазағы ә дегеннен елең етті,
Жаны мен рухына керек етті.
Осындай өшпес фильм жасап кеткен
Қожықов Сұлтан қандай керемет-ті.
Перзенті өнерімен сүйер елді,
Ол дағы талантына сүйенген-ді.
1977 – Роза қыз
Бас жүлде «Алтын Орфей» иемденді.
Бұл жеңіс сезінгенге балдай тәтті,
«Әлия» әні шет аспанда самғай қапты.
Қаршадай қазақ қызына Болгар елі
Сүйсініп, қолын соғып таңдай қақты.
Зіл басып қазағымды көлеңкелі,
Кей кезде ұлт рухы төмендеді.
1989 – Қазақ Елі
Жаңғырып, қуанышқа кенелген-ді.
Кейінгі ұрпақ осы айта ма әнді,
Арыстар ортамызға қайта оралды.
Қазақ тілі мемлекеттің тілі болып,
Сүйініш қазағыма қайта барды.
Осы ғой тек жанымнан табылмағы,
Мәдениет ілгері бір адымдады.
1996 – Парламент
«Мәдениет туралы» Заң қабылдады.
Кеткейсің қиындықтар ұзап енді,
Алынар кедергі мен тұзақ енді.
Мәдениет мәселесін шешіп берер
Осынау көптен күткен құжат енді.
Кетеді шарпи түсіп жалын бойды,
Құптаймыз қашанда біз орынды ойды.
2000 – «Мәдениетті қолдау жылы»,
Елбасы осылай деп қолын қойды.
Осы оймен көңіл-күйін ағытайық,
Кетпесін Мәдениеттің бағы тайып.
Ендігі іс – ұлт рухын көтеретін
Өнер мен мәдениетті дамытайық.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі