Өлең, жыр, ақындар

Солай-Солай

Біреу-биік, біреу- құзда, алыста,
Біреу-шыңда,біреу-белде, ғарышта.
Бұл дегенім сана-ақыл өлшемі,
Қадам бассаң руханияттан адаспа.

Дейді біреу ол меңіреу,саңырау,
Мұрны пұшық, бойы ұзын, жартылау.
Түземелмекке бекінбейтін данагөй,
Осы оймен тілмен қояр саңылау.

Қоғамда көп бос сөз нақты дәлел жоқ,
Сен туралы қау өсеттер өрер көп.
Үйілмейтін әлеміңе бұл кім?- деп,
Үңілсе егер, өзің жайлы мерей төк.

Парасатты тұлға болса қанеки,
Түсінетін кейбіреулер бар яки.
Әрбіреудің дәрежесі әр бөлек,
Төмендері қалар мүмкін жер иіскей.

Төмен-ойлап,төмен-түсіп еденнен,
Сонда олар не күтпекші бөтеннен.
Қызар көзді білмей жанның бағасын,
Неше түрлі естігендер өртенген.

Сырттан біреу ғайбат айтса егерде,
Мән бермейміз, өз күнәсі өзіне.
Күлімдейміз елестетіп жарқынды,
Бұл өмірде болар шыдап төзуге.

Төзу үшін жаралғанбыз қайтеміз,
Қыс артынан,келер-көктем,келер-күз.
Өзің үшін жәннәт тірлік үшін де,
Қайткенменен жанымызды береміз.

Бес саусақтар бірдей емес білеміз,
Уақыт өте кім екенін көреміз.
Қара дақтан жеті метр алыста,
Көріп тұрып,түсінеміз,өсеміз.

Жақсылардың тірі кезде қадірін,
Тіпті,кейде байқамаймыз әсерсіз.
Бей қам жүріп ертең барын ұмытып,
Сол асылдың алтын сәнін білмейміз.

Өмір-солай,адам-солай қайтерміз,
Болмайды-ау айна шіркін қатесіз.
Тұнық судың сұрауы бар дегенмен,
Ұғынғанға ештеңе жоқ есепсіз...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз