Алғашқы сабақ – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Алғашқы сабақ» атты Фариза Оңғарсынова жазған білім туралы өлең берілген.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2831
Толдым жеті жасқа мен,
қош айтыстым бақшамен.
Келдім алғаш сабаққа,
келді Нұрлан, Жанат та.
Қоңырау да соғылды,
көп күтіп ек сол үнді.
Әліппені қолға алып,
біз отырдық "оңдалып".
Келді де апай күлімдеп,
түгендеді біріндеп.
Әліппені ашты алып,
біз оқуды бастадық.
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері