Бұл бетте «Адам анотомиясы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл адамның денесі жақсылықтан жаралған,
Бәйшешектей бұралып, көкте күннен нәр алған.
Былайынша құрамы ет пен сүйек демесең,
Болатың да түк емес, беріктігін теңесең.
Бас тұрғанда кеудеде ақыл-ойдың иесі,
Бір қалыпта дамиды барлық істің жүйесі.
Бұл адамның көздері – жарқыраған шырағы,
Барлық жақсы-жаманды көріп-біліп тұрады.
Бірін-бірі хайуан ұғынысса үнімен,
Бірін-бірі адамзат түсініскен тілімен.
Берекені жасаса қуатты екі қолымен,
Басқан екі аяқпен әділеттік жолымен.
Бұлқынған от жүрекпен жер жиһанды шарлайды,
Барлық жанға жарылып, ақ ниетін арнайды.
Байқап бақсаң, адамның осы анатомиясы –
Балқып тұрған тек қана жақсылықтың ұясы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі