Қараша үйден – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қараша үйден» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 814
Қараша үйден
күй аңдып,
Отырған қалды-ау мезгiл де.
Биледi бойды ұяңдық,
Кездескен сәттен сен бiзге.
Қараушы ең маған
елжiреп,
Күнес жақ бiзге мекен-дi.
Алушы ең еске сен жүдеп,
Соғысқа кеткен көкеңдi.
Жаратты тағдыр
серi ғып,
Өкситiн қолда домбыра.
Жататын сонда керiлiп,
Сағымға сiңген жол мына.
Зауалда ұзап ауылдан,
Гүл тердiк бiрде қыраттан.
Тұрғанда қорғап дауылдан,
Ернiңнен сүйiп жылатқам.
Куә боп әлi тұр дала,
Кеудеме талай толды өлең.
Ұзадым жалғыз бiржола,
Сағымға сiңген жолменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері