Көк таулар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көк таулар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3967
Көк аланың үйіріндей,
Көк таулар иін тірескен.
Аспанды жайлап үйіндей,
Көк ала бұлтпен бір өскен.
Сырлары терең құпия,
Таңғажайып бітісі.
Тастары бейне тақия,
Тал-қарағай үкісі.
Көк сағымға қол артып,
Көтерілген күнге тау.
Көрінеді мұнартып,
Кеудесінде мың отау.
Көз жетпес таулар көшіне,
Алысқа сапар шеккендей.
Арқаның апай төсіне,
Орнатып біреу кеткендей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері