Өлең, жыр, ақындар

Қарау ой

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 526
...Бiр кездерде бойға симай сарқырап
жататұғын қайрат-күшiн сарқып ап, –
бара жатты түн iшiнде бiр адам
тұмшаланып, мойынын iшке тартып ап.
Қызғаныш па жанын оның талаған?..
Менмендiк пе тыныштығын тонаған?..
Түндi кезiп жүрiп-жүрiп бiр кезде
түндей қарау ой ойлады сол адам.
Қарау ойдан қапаланып күрсiнiп
бiр уыс боп жиырылды тiршiлiк.
Қарау ойдан қапаланып күрсiнiп
бар табиғат тынжырынды, түршiгiп.
Қарау ойға қалай барған дәтi деп
жарылып-ақ кетердей боп өтi де
жиырылып қара бұлт
тамшысын
қорғасын қып түкiрдi оның бетiне!
Қарау ойдан суып шiлде аптабы
қара жердi семдiрiп бiр қақтады...
Шыдай алмай қара дауыл бұрқырап
жағадан ап кеудесiнен қақты оны.
Қарау ойды ойлап қалай адастың! –
жау болдың деп мекендеген жар астын
тартып келiп жiбердi оны жағынан
шапалақпен жапырағы ағаштың!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрық

  • 0
  • 0

Қара тасты тозаң ғып,
бiр-ақ ырғып кермеден,
жүрген небiр асаулық
күнге қарап кiсiнеп,

Толық

Бүгінгі көрініс

  • 0
  • 0

Қазақстанның денесiн
Қаптаған сөздер
Талап жатыр.
Таланған жерлерi

Толық

Жауабын сізге қалдырдым

  • 0
  • 0

Бәріміз білеміз:
“Шеше көрген тон пішеді.
Әке көрген оқ жонады”,
Көсілген көсемді,

Толық

Қарап көріңіз