Мен бақшаға барамын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен бақшаға барамын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2556
Мен бақшаға барамын,
ойнаймын, ән саламын.
Тәрбиеші тәтелер –
Досы барлық баланың.
Достарым көп басқа да,
көңіліміз бақшада.
Бізге тақпақ үйреткен
әйбат тәте, жақсы аға!
Араздықты білмейміз,
тамақты да бір жейміз.
Жаман бала секілді
төбелесіп жүрмейміз.
1971


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері