Нұғманға – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Нұғманға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1586
Нұғман баласы едің Молыбайдың,
Молыбай секілді еді толық айдың.
Көлемің Келдібайдан кем болғанмен,
Қожасы ең Қаратамыр Төребайдың.
Қайқы атам қалайда да қайың дарақ,
Ішінен жарып шыққан зор лайдың.
Саламат бір-біреуге қауыштырған,
Пазьшына сансыз шүкір бір Құдайдың.

1936.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері