Гүл қойдым

Бұл бетте «Гүл қойдым» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Памирді көріп орындалды тосқаным,
Қарлы құздар сияқтанды от­жалын.
Шыңдардан да шындықты биік ұстаған
Рудакиге тағзым еттім, достарым.
Шақырған жоқ Панжруд ұл­қыздары
Не Памирдің көк тіреген құздары.
Шапқылаған тау өзені айтқандай,
Сілтеу салды Рудаки өткен із бары.
Асу бермес кешіп көр тау арасын,
Іздеп келдім адамзаттың данасын.
Оның жыры – ақиқаттың жалауы,
Оқыған жан ойға салар санасын.
Парсы жыры көтерілсе шашбауы,
Рудаки ғой рубаилардың бастауы.
Ақындықтың аталды «Адам Атасы»,
Оның жыры – зұлымдықтың хас жауы.
Дана өлді деген ойды шын жойдым,
Тәубе деймін, бастауындай бұл тойдың.
Тағзым етіп, барша қазақ атынан
Рудакидің зиратына гүл қойдым.

29.09.1983.
Панжруд-Пенджекент


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл қойдым өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Гүл қойдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл қойдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл қойдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері