Жұмыс – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жұмыс» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1890
Анам мені ертемен
оятады тұр-тұрлап.
Ұйқы тартып желкеден,
мен жатамын қыңқылдап.
Анам менің расында
түсінбесе не етемін:
Әжетайдың қасында
маған жақсы екенін?
Ұйқы деген досыммен
қоштаспасам дұрыс па?
Әкеме еріп сосын мен
кетем күнде "жұмысқа".
1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері