Өзім жайлы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өзім жайлы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2346
Айбар деген баламын,
жұмсауға да жарадым.
Өзім биыл бестемін,
саусағыммен санадым.
Баласымын атамның,
баласымын апамның.
Көбінесе әжемнің
балапаны атандым.
Күрескенді жығамын,
(рас, бірде құладым…)
Футбол десе, шешініп,
шабуылға шығамын.
Суретті де саламын,
әріп те оқи аламын.
Ойыннан да қалмаймын,
мен осындай баламын!
1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері